Абай облысында ҚАЖД мекемесіне есірткі лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі аралас мекеме аумағына есірткі заттарын лақтыру фактісінің алдын алынды.

№19 мекемесінің іргелес аймағында, мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері ер адамды ұстады. Ол скотчпен оралған буманы қоршау үстінен ішке лақтыруға тырысқан.

Буманы ашқан кезде, ішінен 19 грамнан астам гашиш және 55 грамнан астам марихуана есірткі заттары табылды.

"Осы факті бойынша Семей қаласы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп атап өтті жедел бөлім бастығы Ельжас Айткалиев.

Естеріңізге сала кетейік, есірткі заттарын заңсыз жібергені не өткізгені үшін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған