Ішімдіксіз ауыл: Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл тұрғыны ішімдіктен бас тартты

Сурет: Түркістан облысының Полиция департаменті
"Ішімдіксіз ауыл" жобасына Түркістан облысында 30-ға тарта ауыл қолдау білдірді. Атап айтсақ, Ордабасы мен Мақтаарал ауданында 5 ауыл, Келесте 4, Сайрамда 3, Қазығұрт, Төлеби, Сауранда 2, Отырар, Жетісай, Арыста 1 ауыл тұрғындары спирттік ішімдік сатудан бас тартқан.

Мәселен Сауран ауданының "Нұртас" елдімекенінде 1835 адам тұрады. Ауылда 1 мектеп, 2 балабақша бар. Тұрғындарға 3 дүкен қызмет етуде. Ауыл тұрғындары құрт пен майын дайындап, мал шаруашылығымен айналысады. Төрт түлікті тіршілік еткен ауылдың қаймағы бұзылмаған. Ақсақалдар жастарға үлгі-өнегесін көрсетсе, жастар алған тәлім-тәрбиесін ұштастырып, ауылды көркейту бағытында жұмыс жасап келеді.

Атадан мал қалғанша, тал қалсын дегенді ұстанған мұндағы халық, ағаш егу, сенбілікке шығу сынды істерді жасы да, кәрісі де бірлесіп атқаруды дәстүрге айналдырған. Осы ретте ауыл тұрғындары тыныштық пен тәртіптің сақталуында учаскелік полиция инспекторларының еңбегі көп екенін алға тартып, алғыстарын білдірді.

Ал учаскелік полиция инспекторлары ауылдағы әрбір үйдің жағдайымен қанығып, күнделікті жұмыс жүргізіп отырады. Соның нәтижесінде жоғарыда 30-ға жуық ауылда соңғы бірнеше жыл қатарынан қылмыс тіркелмеген. Осы ретте полиция мен қоғам бірлесе ізгілікке бет бұрған ауылдар қатарын көбейтіп, қылмыссыз қоғам құру жұмыстары жалғаса беретінін жеткіземіз.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды