Түркістан облысының полицейі өзге елде туымызды көкке көтерді

Сурет: Түркістан облысының Полиция департаменті
Польша елінде ерлер мен әйелдер арасында комбат джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Аталған жарыстан Қазақстан құрамасының сапында болған жерлесіміз, полицей Сәбит жеңіспен оралды.

Нақтырақ айтсақ, Миколув қаласында өткен Әлем чемпионатында Түркістан облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Сәбит Сүлейменов дүниежүзінің ең үздіктерінен оза шауып, ІІІ орынды иеленді. Яғни 93 келіде жекпе-жектен сайысқа түсіп, 3 кездесу жасап, қанжығасын қоламен толықтырды.

Айта кетсек, полиция кіші лейтенанты С.Сүлейменов бала кезден спортпен айналысады. Бағындырған белестері де аз емес.

Мәселен 2021 жылы әскери самбодан ҚР чемпионатында ІІ орын, 2022 жылы әмбебап жекпе-жектен ІІ орын алған. 2023 жылы Түркі мемлекеттер арасында өткен грэпплинг күресінен І орын иеленген. Ал ағымдағы жылы ҚР чемпионатында комбат джиу-джитсудан ҚР чемпионатында ІІ орын иеленген.

Одан бөлек Түркістан облысында өткен түрлі жекпе-жектердің бірнеше дүркін чемпионы атанған. Еліміздің атын шығарып, туын көкке көтерген палуан полицейге жеңісіңіз құтты болсын демекпіз!

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі