СҚО колонияларында алимент бойынша борышкерлер жұмысқа орналастырылды

Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысындағы түзеу мекемелерінде алимент бойынша 39 борышкер жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның дерегіне сүйенсек, сотталған К.-ның № 50 мекемеде жазасын өтеу кезінде жұмыс істемейтіні және қызын асырау үшін 1 миллион теңгеден астам қарызы бар алимент бойынша борышкер екені анықталды.

Осылайша сотталушы ЖК-дің қол астына жұмысқа орналастырылды. 

Сондай-ақ, тексеріс барысында қабылданған шаралармен жалпы қарыз сомасы 22,4 млн тенгені құрайтын алимент бойынша барлығы 11 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Атап айтқанда, № 48 мекемеде қарыз сомасы 18,8 млн теңгені құрайтын 6 сотталушы, № 51 мекемеде 2,5 млн теңге қарызы бар 3 борышкер, № 50 мекемеде 2,1 миллион теңге қарызы бар 2 борышкер жұмыс тапты.

Қазіргі таңда, алимент бойынша барлық борышкерлер жұмысқа орналастырылды, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және облыс прокуратурасының бақылауында.

Бұған дейін Түркістан облысында азаматтың танысының көлігін заңсыз айдап кеткені хабарланған болатын.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды