Қала тұрғындары мен қонақтары Аяз Атамен кездесіп, естелік фотосуреттер түсіре алады.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
31 желтоқсанда Астана алаңындағы киіз үйлер түн ортасына дейін жұмыс істейді. 2025 жыл басталғанда мұнда жаңа жылдық концерттен кейін отшашу болады.
Күн сайын киіз үйлер жанында шығармашылық шеберлік дәрістері, ойындар, қойылымдар және сүйікті жаңа жылдық кейіпкерлермен кездесулер өтеді.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қонақтар шырша ойыншықтарын жасап, шыныаяқтарды безендіреді, гипстен жасалған мүсіншелерді бояа, музыкалық қобдишаларды әшекейлей алады.