Алматыда бірнеше алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Фото: pexels
Қаланың Бостандық ауданының полицейлері, алаяқтық әрекетін жасап, сенгіш азаматтардың ақшасын иемденіп кеткен 23 жастағы әйелді ұстады.

Бірқатар университеттердің докторантурасы мен магистратурасына түсіруде өзін "маман" ретінде ұсынған күдікті әлеуметтік желіде тиімдірек шарттармен ғылыми дәреже алуға көмектесетіні туралы хабарландыру жариялаған.

"Бір "клиенттен" 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін сыйақы алғаны белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде оның қатысуымен 7 алдау дерегі тіркелді. Күдікті қамауға алынды", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Полицейлер күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккендерді Бостандық аудандық ПБ-ға немесе мына телефондар арқылы хабарласуға шақырады: 8-747-909-65-45; 8-775-766-77-00 және 8-701-233-47-90.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды