Жаңа жыл қарсаңында полиция ірі көлемдегі ұрлықты ашты

Сурет: polisia.kz
Жаңа жыл алдындағы түнде полиция қызметкерлері құны 10 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдардың ұрлығын жедел түрде ашты. Қылмыскерлерді ұстауға тәртіп сақшыларына бес сағат қана қажет болды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен, Ақмола облысы және елордалық полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысы арқасында гастролер ұрылар «ізін суытпай» құрықталды.

Ұрлық жаңа жыл алдында таңғы сағат 04:30 шамасында Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде жасалған. Қылмыскерлер сауда орнына пластикалық терезеден кіріп, бутиктен зергерлік бұйымдарды жымқырған.

Дабыл жүйесі іске қосылып, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жетсе де, қаскүнемдерге ісін жүзеге асыруға 15 минут жеткен.

Бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру барысында полиция қылмыс хронологиясын білді. Жедел топ күдік туғызған көлікті қылмыс орнында байқап, оның Көкшетаудан Астанаға шыққанын анықтады.

Астана – Петропавловск автожолында таңғы 09:27-де күдікті көлік тоқтатылды. Автокөліктің ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болды. Тексеру барысында полиция ұрланған зергерлік бұйымдарды тәркіледі.

Ірі ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда