Жылдың алғашқы күндерінде 200 адам қар құрсауынан құтқарылды

Фото: Zakon.kz
Жылдың алғашқы күндерінде 200-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды. Оның 27-сі бала. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 күнде боранда қалып қойған 22 көлік қардан шығарылған.

Бұл күндері Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда облыстарында республикалық маңызы бар жолдардың біраз бөлігі жабылған еді.

Қазір барлық бағыт бойынша жол ашық. Дегенмен бірқатар өңірде бұрқасын соғып, көктайғақ болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан мамандар алыс жолға шықпауға кеңес береді.

"Жыл басынан бастап ТЖМ құтқарушы бөлімшелері мен 199 адам оның ішінде 27 бала эвакуацияланды және құтқарылды. Жылыту пунктеріне 270 адам жеткізілді. Қысқы кезеңде жолға шығарда сақтық шараларын қолдану керек. Өзінің көлігінің техникалық жарамдылығы, міндетті түрде жылыту құрылғылары, майшам болуы керек. Азық-түлік бірінші кезекте болу керек." Дидар Сәкенұлы, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты