Қарағанды облысында интернет-алаяқтардың әрекеті тоқтатылды

Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысында интернет-алаяқтардың әрекеті тоқтатылды: 200-ден астам sim-карта мен арнайы құрал-жабдықтар тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен, ҰҚК-мен және ұялы байланыс операторларымен бірлесе отырып, интернет-алаяқтыққа байланысты заңсыз әрекеттерді тоқтатуға бағытталған операция жүргізді.

Полицияның хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Теміртау қаласының 34 және 36 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілер ұялы байланыс құрылғыларының сәйкестендіру кодтарын заңсыз өзгертіп, сондай-ақ осы мақсатта бағдарламалық қамтамасыз етуді жасап, қолданды және таратты деп айыпталып жатыр.

Тергеу барысында күдіктілердің бір бөлмелі пәтерді жалға алып, онда арнайы жабдық орналастырғаны анықталды. Олар әр 10 күн сайын пәтерге келіп, пайдаланылатын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстырып отырған.

Тінту барысында полиция қызметкерлері 232 sim-карта мен екі жиынтық sim-box жабдығын тәркіледі. Бұл құралдар алаяқтық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданылған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Құқыққа қайшы әрекеттердің барлық мән-жайын және ықтимал сыбайластарды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар киберполиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Ол әлеуметтік жәрдемақы алуға және жүргізуші куәлігін дайындауға көмектесу сылтауымен азаматтарды алдап, олардың атына онлайн-несиелер рәсімдеген. Оның 11 эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді. Фигуранттың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады