Қазақстанда 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда жаңарту Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспарланған жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 ретке дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру сондай-ақ шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту күтіліп отыр. Биыл 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны "Qoldau.kz" платформасында және "CargoRuqsat" мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.

"Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті", — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін сенатор Қазақстанда ұшқышсыз авиация орталығын құруды ұсынғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады