Жоғалған чемодандар 1099 теңгеге сатылады: Алматы әуежайы маңызды ақпарат таратты

Фото: unsplash
Қазақстандықтардың назарын Алматы халықаралық әуежайынан жоғалған чемодандарды 1099 теңгеге сату туралы айтылған және күмәнді сілтемесі бар хабарлама аударды. Бұл шынымен де солай ма, деген сауалмен Zakon.kz тілшісі оңтүстік астана әуежайының баспасөз қызметінен сұрап білді.

Алматы халықаралық әуежайы әлеуметтік желілерде таралған жоғалған жүктер сатылымына қатысты ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Алматы әуежайы ешбір сатылымдар мен аукциондарды өткізбейді. Мұқият болып, алаяқтардан сақ болыңыз!" Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Айта кетейік, Астана әуежайы да 2024 жылдың қазан айында осындай жағдайға тап болған болатын. Артынша, астаналық әуежайдың атынан алаяқтар қойманы жоғалған жүктерден тазарту үшін сату туралы хабарландыру жариялаған. Ал бұл багажды сатып алу үшін сілтеме бойынша өтіп, 1060 теңге төлеу керек болды.

Алматы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады