Түркістан облысында қарауылдан 2,4 мыңнан астам "Трамадол" таблеткасы тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полициясы трамадол дәрісін тасымалдаған күдіктіні ұстады.

Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданы тұрғынының басқаруындағы Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.

Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 трамадол таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық зат таблеткалары бар тағы 1 пакет табылды.

Алынған препараттың жалпы саны – 2416. Белгілі болғандай, Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істеп, дәрігер беретін рецепт бланкілерін пайдаланып, "Трамадолды" сатып алу үшін Шымкент қаласына барған.

Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді