Қарағанды облысында түнгі клубта өрт шықты

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қарағанды облысының өрт сөндірушілері түнгі клубтағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағандыдағы Кирпичная көшесінде төрт қабатты ғимараттың екінші қабатында түнгі клубтың ас үй бөлмесінде ағаш қалқалар мен жиһаздар өртенді.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін түнгі клубтың әкімшілігі адамдарды далаға шығарды.

"Өрт 80 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомство азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді