Сотталғанға жолданған сәлемдеме ішінен есірткі табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №34 мекемесінде сәлемдеме арқылы есірткі заттарын өткізу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға сәлемдеме келді.

Сәлемдемелерді қабылдау және тарату бөлмесінде жедел бөлім қызметкерлерімен кезекті сәлемдемені тексеру кезінде, күдікті пішіндегі және басқаларға ұқсамайтын бес дана жаңғақ анықталды.

Жаңғақтардың ішінен қоңыр-жасыл түсті заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сараптама қорытындысы бойынша, аталған заттар жалпы салмағы 3,472 граммды құрайтын гашиш есірткі заты екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу тағайындалды.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды