Суға химиялық зат қосылады: Астана әкімдігі бағдаршамдарды тазалауға қатысты тараған қауесетті жоққа шығарды

Сурет: pexels
Астанада жаяу жүргіншілер өткелдерінде байланыс (шақыру) бағдаршамдарын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, елорда тұрғындары бұл қызметке күдікпен қарайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық блогерлердің бірі өзінің Telegram-арнасында оның видеосын жариялады.

Пост авторының пайымдауынша, өңдеу үшін химиялық заттар қолданылады. Видео астынан пікір жазған пайдаланушылар бұл сұйықтықтар улы болуы ықтимал дейді.

Ел арасында дүрбелең туғызбауы үшін Stopfake.kz мамандары Астана әкімдігіне жүгінді.

Ведомство бағдаршамдарды, жол белгілерін және жаяу жүргіншілер қоршауларын жуу үшін ыстық су толтырылған сыйымдылығы бар жуу машинасы (борттық "Газель") қолданылатындығын түсіндірді.

"Суға химиялық заттар қосылмайды. Тазарту жұмыстары жоғары қысымды аппаратты қолдана отырып, судың күшті қысымымен жүзеге асырылады, бұл қиын тазартылатын беттердегі ластануды жоюға мүмкіндік береді. Бағдаршам объектілерін жуу кезінде қажет болған жағдайда автобаған пайдаланылады".Астана әкімдігі баспасөз қызметі

Қыста жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін бағдаршамдарды дұрыс және ұқыпты күйде ұстау үшін тиісті жұмыстар жалғасатындығы атап өтілді.

Бұған дейін Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті