Қазақстанда жемқорлар тізілімі әзірленеді

Фото: Zakon.kz
Бас прокуратураның норма шығару қызметін үйлестіру департаментінің бастығы Альбина Маутова 2025 жылғы 15 қаңтарда Мәжілістің жалпы отырысында еліміздегі сыбайлас жемқорлар тізілімін қалыптастыру тетігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай норма Мәжіліс депутаттары палатаның бірінші оқуында талқылаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

"Заң жобасының ережелерінде сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу көзделеді. Мұндай заңнамалық бекіту Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде көзделген және ол жария болып табылады. Біздің ойымызша, бұл тізілімді Агенттіктің сайтында бекіту-бұл қисынды және дәйекті, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекет жүргізіп жатқан жұмыс туралы барлық ақпарат бірыңғай платформада жинақталуы тиіс", – деді ол.

Оның айтуынша, бұл сайтта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама, сыртқы тәуекелдерді талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі барлық құқықтық актілер орналастырылған.


"Барлығы осы сайтқа жинақталады, сондықтан бұл тізілімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жүргізуі қисынды әрі дәйекті. Оны енгізу тетігіне келетін болсақ, бұл тізілімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдар кіреді. Бұл тізілімге енгізу үшін заңды күшіне енген айыптау үкімінің болуы негіз болады. Ал, алып тастау үшін негіздеме – заңды күшіне енген ақтау үкімі немесе соттылықты өтеу", — деп түсіндірді қадағалау органының өкілі.

Бұған дейін енді пара беруге уәде бергендердің өзі де қылмыстық жауапқа тартылатындығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты