Қазақстандық азамат Таиландтан заңсыз сәлемдеме жібергені үшін 16 жылға сотталды

Фото: kazpost.kz
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасы 2024 жылдың жазында Алматы облысында анықталған аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 маусымда Алматы облысының Іле ауданындағы "Қазпошта" АҚ филиалында жалпы салмағы 800 граммға жуық есірткі заты (гашиш майы) сығындысы бар сәлемдеме келіп түскені белгілі болды.

Ведомство күдіктінің Telegram мессенджерін пайдаланып, Тайландтан есірткіге тапсырыс бергенін анықтады.

"Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталды. Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды." ҚМА баспасөз қызметі

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап ҚМА контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеді.

Сонымен қатар, 77,1 кг есірткі құралдар, 3,2 кг психотроптық заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 "Тропикамид" көз тамшылары тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агенттігі есірткі контрабандасы қатаң қылмыстық жауапкершілікті көздейтін ауыр қылмыс екенін еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды