Семейде көліктің шанағы мен шасси нөмірін қолдан жасауды кәсіп еткен күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Абай облысының полиция қызметкерлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен көлік кузовы мен шассиінің идентификациялық нөмірлерін қолдан жасауға байланысты ірі қылмыстық схеманы әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңсыз әрекеттер Семей қаласындағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде жүзеге асырылған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласының 40 жастағы тұрғыны күдікті ретінде анықталды. Шұғыл тінту кезінде лазерлі принтері бар жабдық, ноутбук, үш телефон, сондай-ақ идентификациялық деректерін өзгертуге дайындалып жатқан тоғыз автокөлік тәркіленді.

Сондай-ақ қосымша дәлелдер алынып, істің барлық мән-жайын анықтау үшін сараптамаға жіберілді. Көлік құралдарының кузовы, шассиі, қозғалтқышы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің қолдан жасалуы немесе жойылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бостандығын шектеу жазасына тартылуы мүмкін, сондай-ақ оның мүлкі тәркіленуі ықтимал. Тергеу барысында қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы және басқа да ұқсас заң бұзушылықтарға қатыстылығы анықталатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы