Таразда базардағы дүңгіршектің бірінен ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

Сурет: polisia.kz
Тараз тұрғыны орталық базардағы дүңгіршегіндегі ұрлық туралы полиция басқармасының "102" арнасына хабарласты. 23 жастағы арызданушының айтуынша, белгісіз біреулер дүңгіршектің есігін бұзып кіріп, қымбат бағалы тауарларын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Тиісті жұмыстардың нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы екі ер адам анықталып, ұсталды.

Тексеру барысында күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталғаны белгілі болды. Олардың жанынан айғақ заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалына қосылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ("Ұрлық") бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда