Алматыда 10 мыңнан астам пәтер мен үй газсыз қалды

Сурет: aimaq.kz
2025 жылдың 16 қаңтарында белгісіз біреулер Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Захарова көшесінің бойына кәріз құбырларын тартпақ болып, газ құбырын зақымдаған. Қазір қаланың бір бөлігінің тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ хабарламасына сәйкес:

"2025 жылдың 16 қаңтарында белгісіз біреулер бөгде кәріз құбырларын тарту мақсатында жер асты қазу жұмыстарын жүргізген кезде жер асты орта қысымды газ құбырының учаскесіне зақым келген. Оқиға жеке тұлғалардың кәсіпқой емес әрекеттерінің салдарынан асфальт жабынының тесілуі орын алған".

Жұмыс барысында газ беру уақытша тоқтатылады:

Қауіпсіздік мақсатында жергілікті тұрғындардан жұмыс кезінде газ шүмектерін жауып, іске қосу жұмыстары аяқталғанша ашпауды сұрады.

Дәл осындай жағдай 2024 жылдың желтоқсан айында Сарыағаш қаласында да болған. Апатқа BMW көлігінің жоғары қысымды газ құбырына соғылуы себеп болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды