Қазақстанда төлқұжаттар мен жеке куәліктерді терминалдар арқылы беру жобасы іске қосылады

Фото: Zakon.kz
Биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, құжаттама терминалы арқылы "ҚР азаматтарына төлқұжаттарды, жеке куәліктерді беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы бірлескен бұйрық дайындалды", деп хабарлайды Zakon.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ фронт-кеңселерінде биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып құжаттама терминалы арқылы "Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды, жеке куәліктерді беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру. Республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, әкімшілік облыс орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыстағы тәртіпке балама", — делінген құжаттарда.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ 2025 жылдың 15 қаңтары мен 31 қаңтары аралығында Пилоттық жобаны іске асыру мерзіміне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру алгоритмі де бекітілді.

Түсіндірілгендей, жоба үдерісті үздіксіз жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру, сондай-ақ республика азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жұмысын ұйымдастыру мақсатында әзірленген.

Құжат 31 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті