Тоқаев Грекиядағы және Кипрдегі елшілерді тағайындады

Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 23 қаңтарда Қазақстанның Грекиядағы және Кипрдегі төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

​​Тимур Сұлтанғожин 1981 жылғы 5 қыркүйекте Целиноград қаласында туған. 2002 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, 2010 жылы Уэльс университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің жанындағы «Казспецэкспорт» РМК маманы ретінде бастаған. 2003 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде Еуропа және Америка департаментінің референті, атташесі, үшінші хатшысы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығын ілгерілету орталығының екінші хатшысы лауазымдарын атқарды.

2005-2009 жылдары Польшадағы ҚР Елшілігінде дипломатиялық лауазымдарда қызмет атқарды, одан кейін ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директорының арнаулы кеңесшісі, кейіннен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Төзімділік және кемсітпеуге қарсы іс-қимыл департаментінің бағдарламалық офицері болып тағайындалды. 

2013-2017 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің Жалпыеуропалық ынтымақтастық басқармасын басқарды, кейін Еуропа департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 2017-2020 жылдары – Грекиядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі. 

2020-2022 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры болды.

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы наурыздан бастап Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі, Еуропалық одақ және НАТО жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары лауазымын атқарды.

II сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие.

Ағылшын және поляк тілдерін меңгерген.

Николай Жұмақанов 1984 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдап, 2014 жылы Халықаралық және стратегиялық зерттеулердің Еуропалық орталығында (Бельгия) халықаралық саясат магистрі дәрежесін алды.

Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Дипломатиялық маңсабын 2005 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық-құқықтық департаментінде референт лауазымынан бастап, содан кейін сол департаментте атташе, үшінші және екінші хатшы болып жұмыс істеді. 

2008-2009 жылдары "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясының Корпоративтік басқару департаментінің менеджері болып жұмыс істеді. 2009-2012 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық-құқықтық департаментінде екінші және бірінші хатшы, сондай-ақ кеңесші лауазымдарын атқарды.

2012-2017 жылдары – Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі. 2017-2018 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаменті директорының орынбасары болды.

2018-2024 жылдары ҚР СІМ Халықаралық-құқықтық департаментін басқарды.

Қазақстанның Кипрдегі Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2024 жылғы қазаннан бастап ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі қызметін атқарды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Ағылшын, жапон және француз тілдерін меңгерген.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 5 қаңтарда Мысыр, Ирак және басқа да елдерге жаңа елшілерді тағайындаған еді.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Өздігінен қоқыс тастағаны үшін шенеуніктерге 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

"Аяз болады, боран соғып, қар бұрқасындатады": Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрлігінің басшысы өз ұстанымын білдірді

Қазақстан картопты үшінші елдерге тасуға тыйым салды

21 қаңтарда Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды