"Сынап бағаны -40°С-ді көрсетеді". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pexels
Синоптиктер 25 қаңтарда Алматы мен Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде 25-28 градус қатты аяз болады деп күтіледі. Талдықорғанда түнде 26-28 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Алматыда 24-26 қаңтар аралығында Бұтақ өзені – Бұтақ ауылы  гидрологиялық бекетінде мұздық құбылыстарға байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Бұтақ өзені – Бұтақ ауылы ГБ су деңгейі  280 см құрады. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. Қауіпті су деңгейі - 287 см.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының батысында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 градус қатты аяз болады деп күтіледі. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Қонаевта оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. 24 қаңтар күндіз, 25 қаңтарда тәулік бойы Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан  желдің екпіні 15-20 м/с, тәулік бойы 25 м/с, түнде 26 қаңтарда 23-28 м/с болады деп күтіледі. Таразда 25-27 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Петропавлда да оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің облыстың солтүстігіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -  15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға қарай Скандинавиядан антициклон жылжып келе жатқанын ескерткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты