Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты атышулы іс: сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Астанада Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 28 қаңтарда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 11 тұлғаға қатысты:

Сотпен анықталғаны

Бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатында, К.Е., 2016 жылы құрамында: К.А., К.А. (оған қатысты іс жеке өндіріске бөлінген), А.Д., Т., Б.Р., Ш., И., К.О., Б.В., К.А. және А.К.-мен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық еткен.

2016 жылдың қазан айынан 2021 жылға дейінгі аралықта ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері мүліктік пайда алу мақсатында 5 ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алған және 1 ЖШС-ға рейдерлік жасауға дайындалған.

Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 2018-2022 жылдар аралығында ЖШС-ның 4,6 млрд.теңгеге сомасындағы мүлкін жымқырған.

Нәтижесінде Esentai City тұрғын үй кешеніндегі 133 тұрғын және тұрғын емес үй-жай арзандатылған бағамен өзіне, туыстарына және олармен үлестес тұлғаларға сатылған.

Осымен тоқтамай, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі К.Е. мен оның мүшелері ҚР аумағында контрафактілік тіркеу-бақылау маркалары бар алкогольдік өнімдерді заңсыз сатуды ұйымдастырған.

Ол үшін олар өз қарамағындағы кәсіпорындарды пайдаланып, жалпы сомасы 7 млрд. теңгеден астам пайда алған.

Заңдастырылған қаражатты пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қымбат жылжымайтын мүліктер мен автокөліктер сатып алып, мүлікті жалға беріп, заңсыз жолмен тапқан қаражатты депозиттеріне салып, бейберекет өмір салтын жүргізген.

Дәл осы уақыт ішінде К.Е., Ш., И. және К.А. қауіп төндіру арқылы жәбірленушілер К. және К.-ға тиесілі автокөлік және сауда базары түріндегі мүлікті қорқытып алған.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ш., өзінің жазасыз қалатынын және барлығына рұқсат берілгенін сезініп, И.-ды зорлаған.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында К.А., Ш., И., жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарының ауырлығын түсіне тұра, құқық қорғау органдарынан жасырыну мақсатында ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен.

Барлық 11 сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің, сотталушының айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, мамандар мен сарапшылардың қорытындыларымен, заттай айғақтар алынған тінту нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа да материалдармен дәлелденді. 

Сотта

Прокурор айыптауды қолдап, соттан барлық сотталушыларды бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қорғаушы тарап сотталушылардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.

Санкция:

ҚК баптарының санкциясы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады:

Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза қарастырылған.

Сот 9 сотталушының жас балаларының болуын сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сотталушылар К.Е., К.А., Ш., К.О., И.-ның қылмыстық топ құрамында белгілі бір қылмыстарды жасауы қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде танылды.

 Сот үкімімен келесілер кінәлі деп танылып:

Сондай-ақ, сотталғандар Ш. – ҚК 120-бабының 1-бөлігі, И. – ҚК 385-бабының 3-бөлігі, А.К. – ҚК 385-бабының 3-бөлігі, 233-бабының 2-бөлігі, Б.В. – ҚК 214-бабының 1-бөлігі, 233-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдерінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Одан бөлек, сот сотталушыларға қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеу, коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару және алкоголь өнімдерін сату саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаларды тағайындады.

Сот сотталғандардың 78 пәтерін, 6 жер учаскесін, 1 қоймасын, 10 коммерциялық үй-жайын, жалпы ауданы 2 482 ш.м. құрайтын 2 көппәтерлі үйін, 5 гаражын, 3 тұрғын-жай емес ғимаратын, жер телімін қоса алғанда 5 сауда нысанын,  80 автокөлігін, 2 дана қаруын, сонымен қатар ақша қаражаттары мен бағалы заттарын мемлекет кірісіне тәркіледі.

Сот жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жуық материалдық шығын мен моральдық зиянды өндірді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты