Жетісу облысында 11 млн теңге ұрлаған күдікті қолға түсті

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление Фото: pxhere
Үшарал қаласында 11 қаңтар күні ірі көлемдегі ақшаны ұрлау дерегі тіркелді. Көлігін 11 миллион теңгеге сатқан жергілікті тұрғын алаяқтардың құрбанына айналды.

Белгілі болғандай, ер адам сауда аяқталған соң қаражатты пакетке салып, Mercedes автокөлігінің жүксалғышына қойған. Сол күні кешке танысымен кездесіп, мейрамханаға барып, уақытын сонда өткізеді. Мейрамханадан шыққан кезде, жүксалғышты ашып, ақшаны тексермек болады.

Осы сәтте бірнеше купюра жерге түсіп кетіп, жақын маңда тұрған жастардың назарын аудартқан.

Олардың бірі: "Бұл ақша ма?" – деп сұрағанда, ер адам еш күмәнсіз "Иә" деп жауап берген. Сол кезде екінші жас жігіт такси таба алмай тұрғанын айтып, "Өркен" мейрамханасына дейін жеткізіп салуын өтінген. Ер адам жамандық ойламай, оларды көлігіне отырғызады.

Жолда көлік патрульдік полиция қызметкерлері жүргізіп жатқан рейд барысында тоқтатылады. Ер адам полицейлерге шығып, жолаушылардың бірі де көліктен түседі.

Тексеру шамамен 10 минутқа созылған. Алайда көлікке қайта оралғанда, екінші жолаушының жоғалып кеткенін және жүксалғыштағы ақшасы бар пакеттің орнында жоқ екенін байқайды. Зардап шегуші бірден Алакөл аудандық полиция бөліміне арызданған.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, көп ұзамай күдіктіні қолға түсірді. Ол – 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды ірі көлемдегі қаражатпен мұқият болуға, бөгде адамдарға сенбеуге және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Алматы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады