Қазақстан жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар бойынша рекорд жасады

Фото: freepik
2024 жылы қазақстандық көлік жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін 139 миллиард теңгеден астам айыппұл төлеп, айыппұлдар рекордын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кolesa.kz порталы Бас прокуратураның мәліметтеріне сілтеме жасап жазғандай, 2024 жылы қазақстандық жеке және заңды тұлғаларға барлығы 304,3 млрд теңге айыппұл салынған.

Бас прокуратураның есебінше, шамамен 40 %-ы (139.46 млрд теңге) жол ережесін сақтамаған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер. Екінші орында салық саласындағы құқықбұзушылық, үшінші орында ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында ішімдік ішу, шулау және т.б. тұр.

Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы жол ережесін бұзғандарға 88.7 млрд теңге айыппұл салыныпты, яғни көрсеткіш 36 % өскен. Ал 2014 жылы айыппұл көлемі 21.672 млрд теңге болған, былтырмен салыстырғанда 6.4 есе аз.

Он жылда айыппұл мөлшері де өзгергенін ескерген жөн. Кейбір жағдайда сома бірнеше есе жоғары. Дегенмен прокуратура статистикасы көңіл көншітпейді.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады