Түркістан облысында полицейлер тұрғынның жоғалған 25 жылқысын тауып берді

Фото: Zakon.kz
Сауран аудандық полиция бөліміне ер адам хабарласып, көмек сұрайды. Оның айтуынша, жайылымдық жерде жайылып жүрген 25 жылқысы жоғалып кеткен.

Шығынның жалпы құны шамамен 15 миллион теңгеден асады. Полиция қызметкерлері жылқыларды жедел іздестіруге кірісті.

Жол талғамайтын қызметтік көлікпен егістік алқаптар мен жайылымдық жерлерді қарап шықты.

Таңертеңнен кешкі уақытқа дейін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жылқылар 30 шақырым қашықтықта орналасқан алқаптан табылды.

Тәртіп сақшылары жылқыларды иесіне табыстады.

"Қандай қуанышты жаңалық. Криминалдық полицияның жігіттеріне алғысым шексіз. Жоғымды тауып, сүйінші жаңалық әкеліп тұр", – дейді тұрғын.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға төрт түлігін қараусыз қалдырмауды, міндетті түрде бақташы жалдап, үй жануарларын таңбалау керек екенін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді