Көкшетау тұрғыны көлікте темекі шегуге рұқсат бермеген такси жүргізушісін соққыға жықты

Сурет: pixabay
Ақмола облысының тұрғыны таксиде темекі тұтатқан, жүргізуші ескерту жасаған кезде оны жұдырығымен бір қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 28 қаңтарда Көкшетауда болғанын хабарлады. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Қалалық полиция бөліміне 47 жастағы ер адам өзін ұрғанын айтып арызданды. Жәбірленуші 28 қаңтарда қолданба арқылы тапсырыс қабылдап, клиентті алып кеткенін айтты. Сапар кезінде жолаушы салонда рұқсатсыз темекі тұтатқан. Ол жүргізушінің ескертуіне агрессивті түрде жауап берді", - деп хабарлады полиция.

Такси жүргізушісі сапарды аяқтап, жолаушыдан шығуын өтініп, көлікті тоқтатқаннан кейін ер адам оған шабуыл жасап, денесіне зақым келтірген.

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі "Ұрып-соғу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Мектептер мен колледждердегі білім беру стандарттары өзгерді