Алматыда Көктөбе уақытша жабылады: аспалы жол да жұмыс істемейді

Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, Алматы, лето в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 11:24 Фото: pexels
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Көктөбеге қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтарына әйгілі Көктөбе мен ондағы демалыс саябағы 25 қыркүйекте 17 сағатқа жабылатыны ескертілді.

"25 қыркүйекте сағат 00:00-ден 17:00-ге дейін Көктөбе аумағы келушілер үшін толық жабылады", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған уақыт аралығында аспалы жолдың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ автокөліктердің жүруіне, жаяу жүргіншілер бағыттары мен соқпақтарына кіруге рұқсат берілмейді.

"Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы ақпаратты бағыттарын жоспарлау кезінде ескеріп, жоспарларына өзгеріс енгізуді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз", – делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін, 2026 жылғы 3 тамызда, Алматыдағы Көктөбеде аумағы төрт гектар болатын жаңа саябақ ашылғаны туралы жазған едік. Жобаның басты ерекшелігі – гүлдеу кезеңінде тау баурайына қанық күлгін реңк беретін лаванда террасалары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: