Оралдық сарбаз Ақтауда ант қабылдау кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Сурет: ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Ақтау қаласында өткен Ұлттық ұлан сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі ерекше оқиғамен есте қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Kazinform жазды.

ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, 200-ден астам жас жауынгер ант берсе, солардың ішінде Орал қаласының тумасы Артур Сәрсенғалиев үшін бұл күн аса маңызды болды.

Ол салтанатты рәсім барысында сүйіктісі, оралдық Гүлназға көпшілік алдында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

Гүлназ еш ойланбастан:

"Иә", - деп жауап берді.

Сурет: ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Бұл айрықша оқиға жиналғандардың жүрегіне жылылық ұялатты. 

"Мен үшін бұл күннің мәні ерекше. Әскери ант қабылдау — әр сарбаздың өміріндегі жауапты сәт. Ал осы күні сүйіктіме ұсыныс жасап, оның келісімін алу — мен үшін үлкен бақыт. Гүлназ менің өмірімдегі ең қымбат адам, енді мен тек Отанға ғана емес, оған да адал болуға уәде беремін", - деді Артур Сәрсенғалиев.

Осылайша, қатардағы жауынгер Артур Сәрсенғалиев маңызды шешім қабылдап, сүйіктісімен бірге жаңа өмірге қадам басты.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте мерзімді қызметтегі әскери қызметші әскери ант қабылдағаннан кейін саптық алаңда сүйікті қызына үйлену туралы ұсыныс жасағанын хабарлаған едік.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды