Атырау облысында өткен жылы есірткіні жарнамалайтын 100-ден астам граффити жойылды

Фото: Zakon.kz
Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қаладағы граффити мәселесіне қатысты рейдтік іс-шара жүргізді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — заңсыз граффити мен басқа да кескіндемелерді жою арқылы қоғамдық орындардың көрінісін жақсарту және қылмыстық әрекеттердің алдын алу болып саналады.

2024 жылы бірлескен іс-шаралар нәтижесінде есірткіні жарнамалайтын 100-ден аса граффити жойылды.

Айта кету керек, Қазақстанда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Осы ретте, полицейлер есірткі заттарының граффити жарнамасына куә болған адамдардан 30-59-59 телефоны арқылы анонимді түрде хабарласуын сұрайды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты