Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Сурет: куәгерлер
Қайғылы оқиға Бейнеу-Сайөтес тасжолында болды. Toyota Camry жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz-тің жазуынша, апат салдарынан көлікте болған төрт жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі дене жарақатымен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді, оған медициналық көмек беріліп жатыр, "КАМАЗ" жүргізушісі жарақат алмағандықтан, медициналық көмекке мұқтаж емес", - делінген хабарламада.

Оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады