Семей тұрғыны колония аумағына 3,5 литр спирт лақтырмақ болды

Сурет: ҚР ІІМ
Семейдегі колония аумағына спирт лақтырмақшы болған азамат ұсталды.

58 жастағы Семей қаласының тұрғынын колонияның бейнебақылау бекетінің қызметкерлері байқап, оны Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің қызметкерлері оқиға орнында ұстады.

Ер адам әр ыдыста 0,5 литр спирті бар жеті пластик бөтелкелерді колонияның ескерту және негізгі қоршауларынан асырып, ішке қарай лақтырмақ болған.

"Семей қаласының тұрғыны өзіне бейтаныс адам осы заттарды ақшалай сыйақы үшін лақтыруды сұрағанын мойындады. Қазіргі уақытта "жеткізушіге" қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", – деп түсіндірді мекеменің тәртіп бөлімі тексеру тобының жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады