Астананың суретшілеріне қала ғимараттарына мурал мен граффити салуға рұқсат беріледі

Сурет: "Түс аулаушылар" көрмесінің кураторлары ұсынған
Елордада Алматы ауданының әкімдігі қызықты мурал мен граффити салғысы келетін суретшілер мен өнер сүйер қауымның ұсыныстарын қабылдап жатқанын мәлімдеді. Бұл бастама вандализмнің алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, талантты азаматтардың креативті идеясы мен ұсыныстары ескерілетін болады.

"Қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық кеңістікке құрмет көрсетуге және заң аясында әрекет етуге шақырамыз. Заңсыз граффити қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады", делінген хабарламада.

Сндай-ақ қала билігі өтінімдерді қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылатыны, оларды іріктеу үшін арнайы комиссия құрылатынын нақтылайды.

"Эскизіңіз бекітілгеннен кейін авторға жобасын орындауға рұқсат беріледі және қабырға суреті немесе граффити орналасатын жер анықталады", делінген хабарламада.

Өтінімдерді қабылдау жөнінде сұрақтар бойынша Алматы ауданы әкімдігіне (Тәуелсіздік даңғылы, 7) немесе Instagram @almaty_audany парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Бұған дейін елорда билігі қала тұрғындарына ескерту жасап, маңызды мәліметпен бөліскенін хабарлағанбыз. Қала әкімдігі бөтен адамдардың суына есірткі қосу жиілеп кеткенін, сондықтан дәріханада қолжетімді бағада бар арнайы жолақты өздерімен бірге алып жүруге кеңес береді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды