"Қыздардың суына қосып береді". Елорда тұрғындарына ескерту жасалды

Елорда билігі қала тұрғындарына ескерту жасап, маңызды мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана әкімдігінің мәліметінше, соңғы жыл ішінде 8 000-нан астам есірткі қылмысы анықталды, олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздарға, сусындарына есірткі заттарын қосу жағдайлары жиі кездеседі. Елорданың Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы осылай деп ескерту жасады.
Мамандар өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін арнайы есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарын бірге алып жүруді ескертеді.
"Мұндай жолақтар дәріханаларда қолжетімді, кішкентай, көп орын алмайды және ең бастысы – бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Бұл – қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі", делінген әкімдік хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталғанын хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript