USAID ұйымы жайлы тың деректер ашылуда

Фото: flickr/Gage Skidmore
Америкалық кәсіподақтар Трамп әкімшілігін "USAID" ұйымын жапқаны үшін сотқа берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ұйымды жемқорлықпен айналысты деп айыптап, оның бүкіл әлем бойынша жұмысын тоқтатқан еді. Ал атақты миллиардер Илон Маск оны "қылмыстық ұйым" деп атап, тіпті оны Ковид-19-дың әзірленуіне қаржыландыруды жүргізді деп кінәлады.

Бұл ретте, саясаттанушы Талғат Қалиев Еуразия Бірінші арнасының тілшісіне берген сұхбатында ұйымның соңғы жылдары қандай да бір дәрежеде теріс бағытта әрекет етіп келе жатқандығын растады. Саясаттанушының айтуынша, кейде олар дәстүрлі құндылықтарды жоққа шығарып, ел арасында қайшылықтар туғызып отырды. 

Сондай-ақ, бүгінгі, 12 ақпандағы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы мәселені талқыға салған болатын. Отырыста депутат Ирина Смирнова осыған байланысты елімізде "шетелдік агенттер туралы заң" енгізуді ұсынды. 

Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды