Скляр Қызылордадағы әуежайдың жаңа терминалындағы жұмыстармен танысты

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярды аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалының жұмысымен таныстырды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Абайұлының қатысуымен 2024 жылы 12 қарашада "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы ашылды. Жобаны іске асыруға "Болат Өтемұратов қоры" 16,6 млрд теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді", - деді Н.Нәлібаев.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 7 есе, яғни жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін артты. Жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде "Қорқыт Ата әуежайы" арқылы "AirAstana", "Fly Arystan" және "Qazaq Air" әуе компаниялары аптасына 26, атап айтқанда Астана қаласына 16, Алматыға 10 рейс орындауда.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Роман Скляр жаңа терминал аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сауда-саттық көлемінің өсуіне оң септігін тигізетінін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды