Астанада 85 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 12:44 Фото: pixabay
Астанада 23 маусым күні осы күнге қатысты 85 жыл бойы сақталған температуралық рекорд жаңарды. Бұл туралы 24 маусымда "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, кеше елордада ауа температурасы +36,8°C-қа дейін көтеріліп, бұрынғы рекордтық көрсеткіштен 0,4 градусқа жоғары болды.

Мамандардың айтуынша, бұған дейін 23 маусымдағы ең жоғары температура +36,4°C болып, 1941 жылы тіркелген.

Осылайша, 85 жыл бұрын орнатылған рекорд биыл жаңарып отыр.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары шілде айында Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын аз болып, құрғақшылық қаупі сақталатынын болжаған еді. Сонымен қатар синоптиктер алдағы күндері еліміздің оңтүстігі мен шығысында аптап ыстық +40...+42 градусқа дейін жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: