Астанада екі ер адамның арасында туындаған жанжал атыспен аяқталды

Сурет: Zakon.kz
Елордада екі ер адамның арасында туындаған жанжал қарулы қақтығысқа ұласты. Оқиға салдарынан 41 жастағы қала тұрғыны жеңіл жарақат алып, денесінде сырылған іздер қалған.

Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау барысында жанжал кезінде олардың бірінің қарсыласына травматикалық қарудан оқ атқанын және кейін оқиға орнынан ізін суытқанын анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Алматы ауданының полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 27 жастағы азамат болып шықты.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында қылмысқа айғақ зат ретінде танылған тапанша тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды заңсыз сақталған травматикалық қаруды ішкі істер органдарына дереу тапсыруға шақырады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді