Шымкенттік жігіттің көлігінен марихуана табылды

Фото: Zakon.kz
Таңғы 6 шамасында Шымкент қаласының Тұран ауданында патрульдік полиция қызметкерлері Lada Priora автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты.

Жүргізуші – 20 жастағы жігіт. Көлікті тексеру барысында тәртіп сақшыларының назарына скотчпен оралған темекі қорабы ілікті.

Жас жігіт қаптаманың ішінде не бар екенін білмейтінін айтып, оны ағасы салып жібергенін жеткізді. Күмәнді затқа байланысты ол туысына қоңырау шалғанда, телефонның арғы жағындағы ер адам "Лақтырып жібер!" деп бұйрық берді.

Тексеру нәтижесінде қораптың ішінен кептірілген марихуана табылды. Жедел іздестіру шаралары барысында есірткіні жіберген күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі таңда бұл жайт бойынша Тұран аудандық полиция басқармасының анықтаушылары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, іс материалдарын сотқа жолдады.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды