Депутат бұралқы иттер жайлы: жануарлар құқығы адам құқығынан жоғары болғаны ма

Фото: pexels
2025 жылғы 19 ақпандағы Мәжіліс отырысында депутаттар бұралқы иттер мәселесін тағы да талқыға салды. Бұған қоса, жануарлар құқығын қорғаушы кейбір ұйымдардың жұмысын да сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселені депутат Еділ Жаңбыршин көтерді.

Ол Маңғыстау өңіріндегі 16 жастағы баланың итке таланып, ауыр жағдайда ауруханаға түскен оқиғасын айта отырып, бір жайттың өзі қоғамдағы бірнеше проблеманың бетін ашып бергендігін айтты.

"Біріншіден, итке таланған баланың жасы 16-да екенін ескеру керек. Оның орнында 3-4 жастағы бүлдіршін болса, жағдайының қандай болатынын елестету қиын. Екіншіден, бұл – ақпарат құралдарында жазылып, резонанс тудырған оқиға. Соған орай, облыстық ауруханада итке таланған балаға қажетті ем-шараның бәрі жасалынды. Бірақ, ауылдарда ит талаған баланың бәріне дұрыс медициналық көмек дер кезінде жасалып жатыр ма, әрине жоқ! Үшіншіден, дене жарақаты жазылар, ал баланың психикасына келтірілген зақым мен оның салдарын кім ойлайды?! Бұл дерт өмір бойы адамның тағыдырына кері әсер етпей ме?",- деді ол.

Бұған қоса, Жаңбыршин жануарлар құқығын қорғаушы кейбір ұйымдардың жұмысын сынға алды. 

"Бұралқы иттер туралы сөз болса, жануарлар құқығын қорғаушы кейбір ұйымдар өре тұрады. Түсінеміз, олар ЮСАИД сияқты батыстық ұйымдардан алған гранттарының ақшасын ақтауы керек болар. Бірақ, жануарлар құқығы Адам құқығынан жоғары болғаны ма?!...Осыдан 20 жыл бұрын Алматы облысы, Талғар қаласында бес жасында ит талағаннан кейін тілі сақауланып невралгия ауруына шалдыққан кішкентай баланың тағдығырын білетін боларсыз. Оның ата-анасы қызын емдету үшін қанша уақыт, қанша қажыр, қанша қаражат жұмсады – оны кім есептеді, кім компенсация төледі? Ешкім. Мұндай оқиғалар ел ішінде көп. Осындай оқиғаларды әлгі шетелден гранталғыш ұйымдар неге көтермейді? Неге зерттемейді?". Еділ Жаңбыршин

Оның айтуынша, елімізде жыл сайын 38 мыңнан астам адамды иттер қабады. Бұл күндік есеппен шамамен 104 адам. Ал оның кемінде жартысы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Ол бұралқы иттердің мәселесін қоғамда жүйелі түрде шешу үшін, Үкіметке келесі мәселелерді қолға алуды ұсынды: 

Қорытындылай келе, Жаңбыршин бірнеше Мәжіліс депутаттары болып, осы мәселені реттеу үшін заң жобасын әзірлеп, Парламентте талқылап жатқандарын айтты. 

Еске салсақ, Zakon.kz тілшісі аймақтардағы бұралқы иттердің әлегі жайлы материал жариялаған болатын. Сілтемеге өту арқылы оқи аласыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды