СҚО-да полицейлер 8 елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
СҚО полицейлері 1 ақпанда басталған "Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз аң аулаудың екі фактісін анықтады.

Тәртіп сақшылары қорықшылармен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға бағытталған рейдтер жүргізеді.

Тайынша ауданында жедел ақпаратты тексеру барысында ауыл тұрғындарының бірінің үйінен заңсыз атылған бес Сібір елігі табылды.

Бұл дерек бойынша 43 жастағы ер адам күдікке ілінді. Полиция қызметкерлері одан қарда жүруге арналған техника мен қос ұңғылы ТОЗ-34 мылтығын тәркіледі. Алдын ала есептеу бойынша табиғатқа келтірілген шығын 7 миллион теңгеден асты.

Ал Айыртау ауданында өткен бірлескен рейд барысында полицейлер мен қорықшылар мылтық асынған салт аттыны байқап қалды. Ат мінген ер адам қару оның 52 жастағы туысына тиесілі екенін айтты. Сақшылар бірнеше шақырым жүрген соң ауыл тұрғынын және атылған үш сібір елігін тапты. Күдіктінің аңшы емес екені анықталды.

Тәркіленген ИЖ-17 дара ұңғылы мылтығы тіркелмеген болып шықты. Сондай-ақ атыс орнынан атылған жануарлар тәркіленді. Заңсыз аңшылық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді