Алматыда жасырын бейнекамера орнатылған шамдарды сатқан күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматылық киберполиция қызметкерлері "Anti-fraud" жедел алдын алу іс-шарасы барысында арнайы техникалық құрылғыларды заңсыз сатпақ болған күдіктіні анықтады.

Жасырын дыбыс және бейне жазба жасауға арналған техникалық құралдардың заңсыз айналымы тоқтатылды.

Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны жасырын жазба функциясы бар қаламдарды сатқаны үшін ұсталды.

Сондай-ақ күдіктінің жұмыс орнын тексеру кезінде бірнеше осындай қалам, магнитті камералар мен бейнебақылау жабдықтары бар шамдар табылып, тәркіленді.

"Қазіргі уақытта Әуезов аудандық полиция басқармасында күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің ақпаратты жасырын алу мақсатында арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, сақтау, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша іс қозғалды", — деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған