Биыл Алматыда 20 шақырымдай веложол салынады

Фото: Zakon.kz
Биыл Алматыда 20 шақырымға жуық веложол салу жоспарланып отыр. Осылайша шаһар әкімдігі экологияға зиян келтірмейтін көлік түрлерінің инфрақұрылымын жан-жақты дамытпақ. Мұндай шаралар "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Шаһарда велосипедшілер көбейген сайын жөндеу бекеттеріне де сұраныс артып келеді. Алматылық Жан Базарғали велосипедшілерге арнап қоғамдық орындарда арнайы құрылғы орнатқан. Онда қос дөңгелекті көліктің жеңіл ақауын жол-жөнекей қалыпқа келтіруге мүмкіндік бар.

"Веложолдарды жаяу адамға кедергі келтірмейтіндей етіп салу керек, бөлек. Өйткені бұл – ең алдымен қауіпсіздік. Мысалы, Торайғыров көшесі бар. Ол жерде веложол мен автожол мүлде бөлек салынған. Бұрынғы трамвай жолына салынған. Бір-біріне кедергі келтірмей салынса, жақсы болар еді." Жан Базарғали, Алматы тұрғыны

Қазір қалада 25 шақырым веложолақ, 63 шақырым веложолдар бар.

Биыл тағы да жаңа велосипед жолы салынып, Абай даңғылынан Саин көшесіне дейін, Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін ұзартылады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Шаһарда қазір 73 бағдаршам бар. 1025 жол белгісі велопайдаланушыларға қызмет көрсетуге бағдарланған. Сондай-ақ екі дөңгелекті көліктерге арналған бекеттерді, тұрақтарды көбейтуді жоспарлап отыр." Асан Бостанов, қалалық Мобильдік басқарма басшысының орынбасары

"Алматыда велоинфрақұрылымды жүйелі дамыту 2030 жылға дейін жалғасады", – дейді әкімдік өкілдері.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды