Былтыр елімізге 3,5 млн турист келген

Фото: Zakon.kz
Былтыр Қазақстанға 3,5 млн турист келген. Оның 2 миллионы Алматының тау кластерін таңдаған.

Тізімде одан кейін келушілер саны жағынан Маңғыстау, Бурабай, Алакөл мен Балхаш көлдері тұр.

Атап айтсақ, Маңғыстау облысы мен Каспий жағалауын таңдаған туристер саны 325 мыңнан асқан.

Ал, Бурабай туристік аймағында 275 мың адам демалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алакөлде 238 мың, Балқаш көліне келгендер саны 120 мыңнан сәл-ақ асады.

Ең қызығы рейтингіде Катонқарағай мен киелі Түркістан сынды еліміздің ғажап орындары елеусіз қалған.

Мәселен былтыр аталған туристік аймақтарға келгендер саны екеуін қоса алғанда 120 мыңға жетпейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды