Ақтауды қар басып қалды: әуежайға баратын тасжолда 150-ден астам көлік тұр

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 27 ақпанда Маңғыстау облысында ауа райының нашарлауына байланысты қалың қар жауды, облыстық маңызы бар "Ақтау-әуежай" автожолында көктайғақ болды. Адамдар бар көліктер қарлы боранға кептеліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қар құрсауынан құтқарушылар жолдың тазартылған учаскесіне 362 адам мінген 152 автокөлік құралын шығарып алды. Зардап шеккендер жоқ.  

ТЖМ азаматтарға сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға үндеді. Сондай-ақ құтқарушылар ауыл тұрғындарына аұзақ серуендеуден бас тартуды ескертті.

Еске салайық, бұған дейін ауа райының бұзылуына байланысты Маңғыстау облысында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлаған едік.

"Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 332-642-шақырым аралығында (Бейнеу а. - Шетпе а.) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" компаниясы.

Жолды 2025 жылғы 28 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды