Маңғыстау облысында көлік қозғалысы шектелді

Бүгін, 27 ақпанда Маңғыстау облысында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ауа райының бұзылуына байланысты "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 332-642-шақырым аралығында (Бейнеу а. - Шетпе а.) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 28 ақпан сағат 10:00 ашу жоспарланған.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript