1 наурызда Қазақстанда ҰБТ басталады

Фото: Национальный центр тестирования
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 163 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді. ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.

Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде "Қазақстан тарихынан" 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығынан" 10 тапсырма, "Математикалық сауаттылықтан" 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Естеріңізге сала кетсек, 10 ақпанда қаңтар ҰБТ-сы аяқталды, ол тестілеуге 164 мыңға жуық қатысты. Оның ішінде талапкерлердің 76,8%-ы қазақ тілінде, 23,1%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ-да шекті балды 70,4%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 65,8 балды құрады. Ең жоғары балл – 139. Жалпы, 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды