4 наурызда еліміздің екі өңірінде тоқтаусыз қар жауады деп болжанады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда көктемнің басталғанына қарамастан, алдағы сейсенбіде, 2025 жылғы 4 наурызда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, түнде Жетісу облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында қалың қар жауады.

"Атмосфералық фронттардың жүруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауып, батыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады деп күтіледі", делінген болжамда.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді деп болжанады.

Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды