Үш күнге арналған ауа райы болжамы: Шымкентте күн суытып, Алматы мен Астанада қар жауады

Астана қаласының ауа райы болжамы
4 наурызда: құбылмалы бұлтты, өткінші қар, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 7-9 градус аяз.
5 наурызда: құбылмалы бұлтты, өткінші қар, бұрқасын. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 4-6 градус аяз.
6 наурыз: құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Қар, мұз. Сондай-ақ қатты жел соғады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1 градус аяз – 1 градус жылы болады.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
4 наурыз: құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады. Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
5 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
6 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
4 наурызда: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
5 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 13 метрге дейін әлсірейді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
6 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 9-11 градус жылы.
Сонымен қатар, синоптиктер бүкіл Қазақстан бойынша үш күндік болжам жасады.